1966 жылы құрылыс мамандарын дайындайтын №151 кәсіптік училищесі ретінде Қазметаллургстрой трест базасында негізделген.
2008 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы негізінде 19.12.2008 ж. бастап Теміртау қаласының «№24 кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесі, «№24 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.
2012 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің 28.12.2012 ж. №66/6 қаулысы негізінде Теміртау қаласының «№24 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының білім басқармасы «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды. Қарағанды облысының білім басқармасы «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі, уәкілетті орган – Қарағанды облысының білім басқармасы болып табылады.
Колледждің директоры – Коянбаев Канат Кабдиевич.
Колледжде тұрақты әрі жоғары кәсіби оқытушылар ұжымы қызмет атқарады. 43 % жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері құрайды.
Колледж - 39936 м2 аумақ көлемінде орналасқан, 3 типтік оқу корпусын, 2 өндірісте оқыту шеберхана мекемесін иеленеді.
Колледж ғимараты 24.09.2003ж. №257 бұйрығы және 06.07.2007ж. №99 бұйрыққа толықтыру бойынша оперативтік басқарма құқығына бекітілген, жерді үнемі қолдану құқығында - 3,335га.
Қазіргі ақпараттық – коммуникативтік технологияларды белсенді қолдану үшін: ғаламтор жүйесіне қосылған 20 оқу компьютерлері, түрлі талаптарға қажет оргтехникалары (интерактивті тақта) бар.
Жетістіктері:
Колледждің студенттері мен педагогикалық ұжымы Республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіптік байқауларға, спорттық шараларға белсене қатысады. Колледждің «Қыздарай» атты «Жайдарман» КТК қыздар командасы қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысты.